ТАТАР ШАНАСЫМЕН СОҢҒЫ ФОТО Атамның ақсұр "Москвичі" болғанын ілгеріде бір жазып едім ғой. 1971 жылғы - Мәскеуден грек досы екеуі сатып алып, Мырзашөлге дейін мініп келген. Ол саяхатты енді Әбекеңнің былтыр шыққан кітабынан оқып аларсыздар. Айтайын дегенім, Әбдіғаппар ақсақал сосын 1982 жылғы қаракөк "Жигули" мінді. Ол да көнерген соң, бертінде - 2003 жылы тағы сол Ваз-2106-ның су жаңасын сатып алды. 2003-те балауса мұрт бозбаламыз, 10 сыныптың вечеринкаларында тамада боп жүрген кез ғой. Иномаркалардың енді-енді қолжетімді боп, гулянкаларда гүл боп жүрген шағы. "Ауди-80" алайық" деймін ғой, қиылып. Сондағысы Мақталы мен Нұрлыбаевтың Горбачев заманынан бері жөндеу көрмеген жолдарында әрі-бері мақтаныңқырап шаңдатып жүргім келсе керек. Совет заманынан дизайны да бір өзгермеген ноль шестой кімге қызық? Тем более магинтофонының даусы да түк қатты шықпайды. Спидометрі де 180-ге дейін-ақ. Атам қыңқылыма қайырылған жоқ, әдеттегідей "үйренген орыстың машинасы жақсы" деп бір-ақ кесті. Тольяттиден шыққан туындыны со күйі әлі мініп жүр. Университет бітірген 2008 жылы бірінші көлігімді сатып алдым - Е класты "Мерседес-124". 1991 жылғы, өзімнен бес-ақ жас кішілігі бар. Жаны сірі жарықтық еді, енді үйленген "тар жол, тайғақ кешу" жылдары төтеп берді-ақ. Сосын сол Е класс "Мерседестің" ел арасында лупарик аталып кеткенін міндік. Үш жылдай қызметімізге жарады. Тараздың обьезднойында жылқы қағып, шашылып қалды, әйтпесе, әлі мініп жүрер ме едік, кім білсін. Соңғысы - суреттегі. S-221. Үш жыл болды - мың шақырымдық Алматы - Жетісай марш-бросоктарына қыңқ деген жоқ. 80 мың км жол желкеде қалды. Жеткендерден озатын, озғандарға жететін, су төгілмес тайпалған жорға. Бекболат Тілеухан ағамызды бір мәрте аэропорттан күтіп алғам ғой. "Мынау бір татардың шанасындай сырғиды екен" деп күлдірген... Он жыл неміс автопромының тұтынушысы боп келгем. Атамнан жұққан тұрақтылық жұрнағы болса керек. Бүгін концерн ауыстырдым. Мақтаулы жапондардың әуселесін байқаймыз енді. @mercedes_benz_kz @officialtoyotakz #мерседес #лупарик #тойота #тойотакамри #mersedes #toyota #mersedesbenz #тараз #алматы🍎 #алматы #жетісай #жетысай #шымкент #трасса #аэропорт #москвич #жигули #тольятти #авто #автопром