ДОС, БАУЫРЛЫҚ ӘДЕПТЕР✔️
1. Өзіңе қандай жақсылық қаласаң, оған да соны тілеу.
2. Жаман қылықтары көбейіп, теріс жолға бұрылып бара жатса, насихат айтып, дұрыстыққа шақыру.
3. Кемшілігі мен қателігін көрген жағдайда жұмсақ айтып ескерту.
4. Сыртынан біреу жамандаса, ғайбат айтса, оны қорғау.
5. Кемшілігін, құпия сырларын ешкімге жаймау.
6. Жақсылықта да, қайғыда да бірге болу. Қиындықты бірге көтерісу.
7. Ешқашан өтірік айтпай, онымен шынайы қарым-қатынаста болу.
8. Оған Алладан жақсылық сұрап, сыртынан дұға жасау.
9. Хабарласпай кетсе, іздеп, қал-жағдайын біліп тұру.
10. Көңіліне келетін істер мен сөздерден аулақ болу.
11. Алла үшін жақсы көру. Яғни, оның мал-мүлкі, қызметі, атақ-даңқы, керек кезде көмектесе алатындығы, таныстарының көп болғандығы үшін емес, Алланың сүйіктісі болғандығы, адами құндылықтары, мінез-құлқы, тақуалығы, Алла алдында жасайтын көркем құлшылықтары үшін шын жүрекпен жақсы көру дегенді білдіреді.
12. Жақсы көретінін оған айту, білдіру. Егер сіз досыңызды, бауырыңызды Алла үшін жақсы көрсеңіз, яғни, оның Аллаға ұнамды кей сипаттары, әдеттері сізге ұнаса, онда оған: «Мен сені Алла үшін жақсы көремін» деп айтуыңыз керек. Себебі, Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер біреу өз бауырын жақсы көрсе, онда оны оған білдірсін», - деген.
13. Үйден алыста болса, жанұясы мен мал-мүлкіне бас-көз болу.
14. Дүниеден өтсе, оның атынан садақа беру, Құран сауабын бағыштап, қажылық жасау секілді артынан сауабы баратын істерді атқару.
______________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #апталық #әдеп #мұсылманәдебі #бауыр #достық Asyl Arna Мұхамеджан Тазабек