Шың, таулардың басы биік, асқары бөлек болғанмен, етегі бір ғой. Қай-қайсымыз болсын титімдей жақсылыққа жетіп, жолымыз ашық, жүзіміз жарық боп жарқылдап жүрсек - аты-жөнін ағайын-туғанынан басқа ешкім білмейтін, бірақ сіз бен бізге ешқандай қайтарым күтпей-ақ жақсылық тілеп, сыртымыздан уайымдап жүретін кісілердің дұғасының қабылдығынан болар. Жасы ұлғайған кісілерге ұрпағынан құрмет көру де қуаныш шығар. Кәрілік кеп, жастығымыз тозып, қуатымыз кемитін күн бізді де күтіп тұр ғой. Қазіргі қариялардай әдемі қартая аламыз ба - үлкен сұрақ. Дұрыс тәрбие бермесең, бүгін мәпелеп отырған перзентіңнен ертең азап көрмесіңе кім кепілдік беріпті? Қазекең жігіттің үш жұрты бар дейді, мақалдатып. Өткен аптадағы оңтүстікке сапарымда өз атам - Әбдіғаппар қажы, нағашы атам Оразбай, қайын атам Бекболаттың басын бір жерге қосып, батасын алудың орайы келген еді 🤲 #бата #фатиха #ата #дедушка #шымкент #психология #elamanbolsyn1 #асыларман #асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #алматы Azimhan Ergeshbaev Asyl Arna Асылхан Оразбай Мұхамеджан Тазабек

Теги других блогов: бата фатиха ата