Осы суретті әне-міне салам деп жүргелі апта айналып кетіпті ғой, тоба! Уақыт дегеннен шығады, жұма мен жұманың арасы жақындап бара ма, әйтеуір, мен үшін күндер мен сағаттар "шапқан аттай, атқан оқтай" заулайтын боп бара жатыр. Құдай өмір берсе, өстіп жүріп "қарттық кеп қасымызға түстенгенін" бір-ақ білетін шығармыз. Ең қымбат валюта - уақыттың, жастығымыздың қадірін жете сезіне алмай жатырмыз-ау. Тәтті тамақ жесе де, сасық нәжіс шығаратын пенде болған соң осылай болуы да заңдылық шығар, бәлкім. "Ертең қатырамын" деп емексімей, "кеше көп іс тындырғам" деп күпінбей, тап бүгін нақты шаруамен айналыссақ ұтылмаспыз деп те ойлап қоям. Өлшеніп берілген өмір, таусыншақ күніміз тәмам боп жатса, артық болу үшін емес, адам болу үшін ғұмыр кешкенімізді кімге дәлелдегендейміз? Болмаса, "есеп дәптеріміз өзіміздікі, қалағанымызбен толтыруға құқылы" екеніміз баяғыдан белгілі ғой. Тоқсаныншы жылдары танымалдығы қазіргі Төреғали, Қайрат Нұртастардан кем болмаған ағаларым - ел ағалары ғой. Әйгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткерлері - Шорабек Айдаров, Мұхамеджан Тазабек! #айтыс #өмір #жизнь #сурет #фотосессия #фото #сапар #командировка #асыларна #шымкент #алматы #шолаккорган #photographer #журналист #psychology #кайратнуртас #торегалитореали #jeкsеnbikesh @shorabek_aidarov @mukhamedzhan_tazabek @toregalitoreali @kair_n Мұхамеджан Тазабек Asyl Arna

Теги других блогов: өмір құдай уақыт