НАСИХАТ АЙТУ ӘДЕПТЕРІ
1. НИЕТТІҢ ДҰРЫС БОЛУЫ
Артық білетінін, ақылдырақ екенін көрсету үшін емес, шын жанашырлықпен, сауап үміт ете отырып айту.
2. ЕҢ КӨРКЕМ ТӘСІЛДІ ТАҢДАУ
а) Насихатты жеке өзіне ғана айту. Өйткені, біреудің кемшілігін ел алдында айту жанашырлық емес - масқаралау, айыбын бетке басу.
ә) Насихат айтқаннан кейін оны жарияламау. «Мен айтып едім, сосын түзелді ғой» секілді сөздер адамдар қошеметіне бөлегенмен, Алланың разылығынан құр қалдырады.
б) Өзіне тікелей емес, тұспалдап айту. Қазақтың «Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда» дейтін дәстүрі – насихат айтудың көркем үлгісі.
в) Адамның өзін емес, істі ғана айыптау. Яғни, «неге өйтесің?» дегеннен гөрі «мына іс біздің тәрбиемізге жат» деу.
г) Іспен көрсетіп насихат айту. Мың рет айтқаннан гөрі кейде бір рет өзің істеп көрсеткен үлгі өтімдірек болуы мүмкін.
4. ОНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА КІРУ
Кез-келген адамға насихат айтар алдында өзіңіздің де осындай қателікке ұрынуыңыз мүмкін пенде екеніңізді ескеріңіз. Сонда ғана ол адамға барынша жұмсақ әрі көркем түрде кеңес айта аласыз. Сөзіңіз арқылы оған тек жақсылық қалап тұрғаныңызды сездіртіңіз.
5. ҰРЫСПАУ
Алла Тағала «Аср» сүресінде бір-біріне ақиқатты насихат етіп, өсиет етуден кейін неге бірден сабырды айтады? Яғни, жақсылыққа шақыру - үлкен сабырлықты талап етеді.
6. ТАЛАП ЕТПЕУ
Яғни, ол адамның бірден өзгеруін талап етіп, өз насихатыңыздың жемісін тез күтпеу. «Мұсылман болу әсте-әсте» деген сөз бар. Кез келген жақсы іс те ақырын-ақырын жүзеге асады.
«Есті адамның сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» дейді Абай. Ізгілікке шақырып, іріткіден қайтару - әр есті адамның ісі @asylarna @asylarnatelekanal #асыларна #тренинг #коучинг #психология #psychology #мотивация #мотиватор #фотосессия #журналист #journalism #тренер #мастеркласс #мастер #photographer #photography #photo #психологияличности #психологияотношений Asyl Arna @ Мұхамеджан Тазабек