Дәл осы сәтте біреу балалы болып шаттанып жүрсе, енді бірі жақынынан, танысынан айырылып жатыр...
Дәл осы сәтте біреу той жасап, қуанып жатса, енді екінші біреу ажырасу үшін арыз жазып отыр...
Дәл осы сәтте біреу кең дүниеде қыдырып жүрсе, енді бірі темір тордың ар жағында отыр...
Біреу үйінде «бүгін не істесем, қайда барсам екен?» деп іші пысып жатса, енді бірі ештеңеге уақыт таппай, қос өкпесін қолына алып шапқылап жүр.
Біреу еркелететін ата-анаға зар болып отырса, біреу анасына зекіп, әкесін ренжітіп жатыр...
Өмір орнында тұрмайды екен.
Бүгін жылап отырсаң, ертең түк болмағандай күліп жүруің мүмкін.
Бүгін қарызға батып біреуден ақша сұрап жүрсең, ертең біреу сенен ақша сұрай келуі ғажап емес... Бәрі де мүмкін. Себебі, бұл – өмір!
Өмірдің құрылымы сондай.
Жақсы адам - қиындық келсе, сабыр етеді, бұл оған игілік болып жазылады. Қуаныш келсе, шүкір дейді, бұл да оған жақсылық болып жазылады.
Кедейлік келсе, уақытша кедергіні төзіммен еңсереді, байлық келсе, орнымен пайдаланады. Өмір - сонысымен сынақ... @asylarna @asylarnatelekanal @adilet_rakhmetolla
#асыларна #asylarna #насихат #рамазан #рамазан #психология #коучинг #коуч #наставник #тренер #мысли #psychology #psycho #мастеркласс #учеба #шымкент #shymkentonline #ақыл #береке #успех #успешныелюди #стивенкови Asyl Arna Мұхамеджан Тазабек
![Как стать успешным: советы психологов и коучей](https://sun9-71.userapi.com/impf/c851016/v851016727/10c783/TDp3kMF5Rto.jpg?size=828x828&quality=96&sign=355cffb56cff4aee60f6077cf16f58c5&c_uniq_tag=aeoaty9xsaAg1XakwTVWcmR26o1_ULqb8K-vdxGsXrk&type=album)