СТИВ ДЖОБСТЫҢ 5 ШЫНДЫҒЫ...
(56 жасында асқазан рагынан көз жұмған...) - Мен жұрт жетпеген жетістікке жеттім, өзгелер қызыға қарап, тағдырымды керемет өмірдің үлгісі санайды. Бірақ өзім ғана білетін бірнеше жайт бар.
Байлық – өмірімнің бір ғана шынайы көрінісі екен:
👉Сіз көлігіңізді жүргізетін адамды жалдап алуыңызға болады, сіз үшін еңбек етіп, табыс әкелетін адамдарды да жалдап алуыңызға болады, бірақ сіз бойыңыздағы ауруыңызды өзіне алып ауыратын адамды ешқашан жалдап ала алмайсыз...
👉Дүние-мүлікті сатып алуыңызға болады. Бір ғана нәрсені – өткен өмірді, жоғалған уақытыңызды сатып ала алмайсыз.
Басқаларды сыйлаңыз. Сыйлы болыңыз!
Адам есейген сайын ақылы толысып, көп нәрсені тереңірек түсіне бастайды екен.
Мысалы,
⌚30 доллар тұратын сағат пен 300 доллар тұратын сағаттың еш айырмашылығы жоқ, екеуі де бірдей уақытты көрсетеді...
💼30 доллар тұратын әмиян мен 300 доллар тұратын әмияннің ішіне бірдей ақша сыяды..
🚙150 мың доллар тұратын көлікпен де, 30 мың доллар тұратын көлікпен де, діттеген жеріңе жетуге болады.
🏡300 шаршы метр пәтерде тұрсаң да, 3000 шаршы метр үйде тұрсаң да, жалғыз тұрсаң, олар сенің жалғыздығыңды емдей алмайды.
Сіздің ішкі жан дүниеңіздің бақыты - мал-мүлік пен дүниеден нәр алмайды.
✈️Сіз бизнес класпен ұшсаңыз да немесе эконом класпен ұшсаңыз да, бәрібір, егер ұшақ құласа, бәрі бірге құлайды. 🏇Егер сіздің араласатын, іздейтін достарыңыз немесе уайымдайтын жақыныңыз болса, біліп қойыңыз, нағыз бақыт сол!
***
ДАУСЫЗ 5 ШЫНДЫҚ БАР.
Олар:
✔️Балаларыңды бай бол деп тәрбиелеме, бақытты болатын жолды нұсқап тәрбиеле. Сонда ғана олар өскенде дүниенің құнын емес, әр нәрсенің құндылығын білетін болады.
✔️«Асыңды шипалы дәрі деп іш»
✔️Сізді сүйетін адамдар сіз қанша «керексіз» болсаңыз да, сізді тастап кетпейді.
✔️Адам болу мен адамгершілігі мол адам болудың үлкен айырмашылығы бар екен.
✔️Тез жүргіңіз келсе, жалғыз жүріңіз! Алысқа барғыңыз келсе, айналаңызға қамқор боп, бірге болыңыз!
Мен мойындаған 5 шындық осы!"
____________
#асыларна #жизнь #адамгершілік #джобс #тренинг #шымкент #коучинг #мотивация #психология #личностныйрост #истина #шындық #бизнес #журналист #публицистика #өмір #shymkent #psychology #коуч #tv Asyl Arna Мұхамеджан Тазабек