- Әкем жұмыстан қашпа деп үйретті. Жұрт алтыда үйіне жиналып жатса, сен тағы біраз отырып, ертеңгі шаруаларды да еңсере бер. Қызметте табысты болам десең - ауырдың астымен жүр. Әріптестеріңнің әлдебір іске мұршасы болмай жатса, көмектесе кет. Жетістікке жетудің кілті осы ғана. Тындырымды қызметкер барлық жерде керек. Әкем Рахметолла бай да, бағлан да емес, сарығаштық қарапайым қисаптың адамы еді. Әлі әкем үйреткен қағида бойынша келе жатырмын, - дейді Шым-қала әкімі. Кеше Ғабидолла Әбдірахимов мырзамен танысып, екі сағаттай еркін сұхбат құрдық. - Алматыда Көк базардан көкөніс сатып алып, бірінші вокзал жаққа апарып саттым. Кәдімгі сауда! Тірнектеп жүріп алғашқы пәтерімді сатып алдым. Елмен араласып, жұртпен тіл табысатын нағыз мектеп болды, - дейді мегаполис мэрі. - Совет заманында орысша оқыған кісі ғой, әкем. Әрі дәлдікті қажет ететін мамандық егесі. Сондықтан да болар, сабағымызға қатты қарады. Студент боп, қалаға кетерде де "оқуыңнан проблема шығар болса, бір тиын да бермеймін" деді. Қатқыл да болса, қамшылағаны екен ғой. Одан жаман болған жоқпыз. Ғабидолла Рахметоллаұлының кіндік қаны тамған Сарыағаш ауданындағы ауылына соғып, сапарлас болдық. Дидарласуымызға себекер - сол баяғы қызмет - "Асыл арнаның" арнайы жобасы. Әке тәрбиесін көріп, керекті дәрумен сүйегіне дейін сіңіп, төрт құбыласы түгел боп өскен жігіттердің ел басқарғаны қандай жақсы... @gabidullaabdrakhimov #shymkent #шымсити #мегаполис #мэр #аким #асыларна #asylarna @shymkala.kz @shymkent.online Мұхамеджан Тазабек Asyl Arna

Теги других блогов: жұмыс қызмет қажет әкем