"Рахматолла маған үш шарт қойды:
- Біріншіден, ешқашан ұрыспаймыз. Үйде тек менің айтқаным болады. Өкпелеп, кетіп қалар болсаң, артыңнан іздеп бармаймын. Екіншіден, "жұртта - анау бар, бізде мынау жоқ" деп өзгемен салыстырмайсың. Анау үй қымбат жиһаз алыпты, мына көрші әдемі перде іліпті дегеніңді естімейтін болайын. Біреуден - ілгері, біреуден - кейін өмір сүрерміз. Тірі тұрсам, аш болмайсың, киімсіз қалмайсың. Құдайдың рызқысын бірге теріп жейміз. Үшінші - Құдай қабыл айласа, бес-алты перзентті болғанымызды қалаймын. Бәріңді асырап, дұрыс тәрбие беруге шамам жетуі керек, - деді. Қойған талабының бәріне көндім - одан тек ұтқан екенмін ғой. Рахматолла ешқашан балалардың көзінше дауыс көтерген емес. Аса бақуат тұрған жоқпыз - бірақ бақытты едік. Бес бала өсірдік, бәрі өз жолын тапты, ешқайсысы жаман болған жоқ". Үшінші мегаполис басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахимовтың анасы - Әнипа апамен әңгімемізден бір үзік осы. Анасының дұғасынан түспейтін әкім басқаратын шаһардың мерекесі құтты болсын, шымкенттіктер! 😊
#shymkentonline #shymkentcity #shymkent #мэр #психология #мотивация #шымкент #psychology #photography #фотосессия #психологияжизни #неке #жизнь #өмір #муж #әкім #аким #акимат #чиновники #габидоллаабдрахимов #семья #мама #папа #тв #tv #журналист #докфильм #дұға #коучинг #коуч @gabidullaabdrakhimov @shymkala.kz @akimat.shymkent Asyl Arna Мұхамеджан Тазабек