📺 "Асыл арна" - халықтың арнасы. Қосып, қараған адам мұны түсінеді деп ойлаймын. Нендей хабар болсын эфирге бет түзеген материалдардың ішінде елге пайдалы ақпараттардың болуы - біздің негізгі қағидаттардың бірі. Ізгілікке шақырып, іріткіден қайтару - біздің доктрина.
🕌 Рас, ҚМДБ-мен және құзырлы министрлікпен меморандумға сәйкес Құдай сөзін айтатын Құран мен сүннетке негізделген шариғи бағдарламалардың процентажы эфирімізде көп шығар. Бірақ ауып кеткен біреу болмаса, ата дініміздің қазаққа пайдасы жоқ деп кім айтады?
📽Өзіміз таспалаған көркем кино да ("Шабдалы", "Шатқал", "Сергелдең"), телехикая да ("Үлкен үй", "Көке", "Бір келіншек"), психология ("По душам"), денсаулық (Семейның доктор"), әйелдерге арналған бағдарламалар ("Сырласайық", "Кестелі орамал") ақындар өлеңдері ("Өлең - сөздің патшасы"), өнер өкілдерінің естеліктері ("Менің анам, менің әкем...", "Балалық шаққа саяхат"), текті сөздің төресі - терме де ("Бабалар сөзі - өсиет"), спорт саңлақтарының жетістік формуласы да ("Қазақ спортының классикасы"), өмірі өнегелі тұлғалар жайлы цикл да ("Ғибратты ғұмырлар"), Абай хәкімнің қара сөздері де ("Жүректің көзі ашылса..."), әлеуметтік мәселелер мен ("Маңызды мәселе", "Ой-талқы") құрылыс әліппесі де ("Қазақ білсін") біздің эфирде жүріп жатыр (тізе берсем инстаграм рұқсат берген символ саны жетпейтін сияқты).
🎤 Дей келе 😊, бүгін 21:00-де Әбдіғаппар Смановпен сұхбатым "Асыл арнаның" эфиріне шығатынын айтайын дегем ғой 🔥
#интервью #сманов #асыларна #тв #журналист #медресе #үлкенүй @asylarna @ustazabdugappar #tv