📺 Айтпақшы, бүгін "Жиырма бесінші сағат" екінші рет эфирге шығады. Қонақ - түркістандық Құлбек Ергөбек көкеміз. ✍️ Тәуелсіздік алған соң көп ұзамай кесене жаққа көшіп кеткені болмаса, студенттік шағынан бастап, ел әдебиет зерттеушісі деп танығанша Алматыда, шығармашылық ортада шыңдалған азамат қой. Профессор, жазушы, ғалым. Яссауи университетінің экс-ректоры. 🎬 Ақындар ауылда туып, Алматыда өлуді армандап жатқанда, бұ кісі, керісінше, со кездегі астананы тастап, провинцияға тартып отырған. 🎤 Бауыржан Момышұлының қасында 12 күн жүріп сұхбат алғаны, о кісінің құпия архивін ақтарғаны, Бекболат Тілеуханмен бірге Желтоқсанда алаңға шыққан күн, бүгінгі Түркістанның даму бағдары ұнай ма... қызық естеліктер мен тосын критикалық ойлауы - 21:00-де "Асыл арнаны" қосып, эфирді көруге жеткілікті деп ойлаймын 🔥 #момышұлы #ергөбек #желтоксан #асыларна #asylarna #критика #tv #интервью #профессор #яссауи #туркистан #шукеев #эфир #журналистика #журналист #journal #психология #photo #история #тарих #шымкент @beisen.tazhibayev @baytasov_torebek @asylarnatelekanal